"Барыс" өз айдынында ҚХЛ-дың аутсайдерінен ұтылды

Опубликовано:

хоккей
Андрей Скабелка. Фото: "Барыс" хоккей клубының баспасөз қызметі

"Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын ресейлік "Северсталь" ұжымына қарсы өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Барыс" аренада өткен матчта елордалық ұжым 0:1 есебімен қарсыласына есе жіберді.

Матчтың нәтижесі:

"Барыс" (Астана, Қазақстан) - "Северсталь" (Череповец, Ресей) 0-1

Мергендігімен көзге түскендер:

0:1 — 65:00 Иванцов.

Еске сала кетейік, "Барыс" хоккей клубы келесі кездесуін челябинсктік "Трактор" командасына қарсы өткізеді. Матч 27 қаңтар күні Астана қаласында болады деп жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2006783-barys-oz-aidynynda-qxl-dyn-autsaiderinen-utyldy/