Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тарихи жеңіс": Елена Рыбакина Australian Open-2023 турнирінің финалына шықты

Опубликовано:

Рыбакина
Елена Рыбакина кортта. Фото: Glyn Kirk/AFP via Getty Images

Теннистен Аустралия ашық біріншілігінде өнер көрсетіп жатқан Елена Рыбакина турнирдің финалына жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Australian Open-2023 турнирінің жартылай финалында қазақстандық теннисші Беларусь өкілі Виктория Азаренкомен шеберлік байқасты.

Тартысты өткен ойында Елена Рыбакина 7:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Елена Рыбакина - Australian Open турнирінің финалына шыққан жалғыз қазақстандық теннисші. Бұған дейін ешбір спортшымыз жекелей сында мұндай нәтиже көрсетпеген.

Ол Аустралия ашық біріншілігі барысында италиялық Элизабетта Коччаретто, словакиялық Кайя Юван, америкалық Даниэль Коллинз, әлемнің 1-ракеткасы, польшалық Ига Швентекті және латвиялық Елена Остапенконы жеңді.

Енді Елена Рыбакина финалда әлемнің 5-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко немесе Польша спортшысы Магда Линеттің біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.

Айта кетейік, Рыбакина мен Азаренко арасындағы ойынды Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс стадионнан тамашалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2006920-rybakina-australian-open-2023-turnirinin-finalyna-syqty/

pixel