Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналду бастаған "Әл-Наср" клубы маңызды матчта жеңіліске ұшырады (фото)

Опубликовано:

Роналду
Роналду матч алдында. Фото: Twitter/AlNassr FC

"Әл-Наср" Сауд Арабиясы суперкубогының жартылай финалында жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Әл-Иттихад" клубына қарсы матчта "Әл-Наср" 3:1 есебімен ұтылды. Гол авторлары: Ромариньо, Амдалла, Әл-Шенгити - Талиска.

Осылайша, Криштиану Роналду бастаған эр-риядтық клуб суперкубоктың финалынан тыс қалып отыр.

Әлем футболының жарық жұлдыздарының бірі жартылай финалдық кездесуде тоқсан минут бойы алаңда болды.

Айта кетейік, Сауд Арабиясы кубогының финалында "Әл-Иттихад" пен "Әл-Фейх" ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2007009-ronaldu-bastagan-al-nasr-kluby-manyzdy-matcta-zeniliske-usyrady-foto/

pixel