Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте хоккейден алғаш рет "Ice Games 3х3" турнирі өтеді

Опубликовано:

Parimatch
Фото: Parimatch

Ертең, 28 қаңтарда Шымкент қаласының "Мұз сарайында" қала үшін хоккейден бірінші рет "Ice Games 3х3" турнирі өтеді. Бұл Қазақстанның түкпір-түкпірінен танымал хоккейшілердің аренаға шығып, ерекше 3х3 форматында қызу ойын көрсетуіне аз ғана уақыт қалды дегенді білдіреді. Толығырақ біздің материалда.

Турнирді Қазақстан хоккей федерациясы халықаралық Parimatch беттинг компаниясының қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Шымкент тұрғындары осы сенбіде "Мұз сарайына" барып, демалыс күндерін ерекше өткізе алады. Көрермендер "Ice Games" хоккей турнирін дәстүрлі емес "3х3" форматында тамашалауға мүмкіндік алады. Шараның арнайы қонағы ретінде қазақстандық хоккейдің жұлдызы – "Барыс" ХК және Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Константин Пушкарев шақырылды. Алдағы шара туралы мәліметтерді Шымкент қаласында хоккейді дамыту жоспарларына арналған баспасөз мәслихатының спикерлерінің сөйлеген сөздерінен толығырақ біле алдық.

Parimatch
Фото: Parimatch

"3х3 форматындағы хоккей соңғы уақытта жаңа деңгейге көтерілді. Бұл форматтағы матчтар көбіне серпінді өтеді, онда көрермендер әдеттегі ойындарға қарағанда соққылардың жиілігін байқай алады. Сонымен қатар, мұндай кездесулерде хоккейшілердің шеберлігі де маңызды рөл атқарады, бұл өз кезегінде күтпеген нәтижелерге ұласуы мүмкін, яғни бұның бәрі дерлік ойынның әсерлі болуына ықпал етпей қоймайды. Бұл спорттың болашағы зор деп есептейміз", - деп Қазақстан Хоккей федерациясының бас директоры Глеб Каратаев өз пікірін жеткізді.

Хоккейдің Шымкеттегі дамуына келсек, бұл бағытта қазірдің өзінде нақты қадамдар жасалып жатыр. Қала мен облыс бойынша барлығы 104 ойыншы бар, олардың қатарындағы 86 жас спортшы бар (2008 – 2014 ж.ж.). Келешекте олар жастар командасының берік тұғырына айналуы әбден мүмкін. Хоккей федерациясының алдағы жоспарларына да дәл осы мақсат кіреді. Ақтөбелік хоккейшілердің тəжірибесі көрсеткендей, жас ойыншылар жақсы нәтиже көрсетіп қана қоймай, сондай-ақ облыста хоккейдің таңымал болуына өз үлесін қосуда. Қазақстанның екі дүркін чемпиондары "Сарыарқа" хоккей клубының бас бапкері Петерис Скудра да өсіп келе жатқан таланттарды тәрбиелеу мәселесіне тоқталды:

"Меніңше, жас таланттарды тәрбиелеуде ештеңе ойлап табудың керегі жоқ, бәрі оңай. Біріншісі – хоккейшінің өсуге, еңбектенуге деген ұмтылысы болу қажет. Мен әрқашан жаттықтырушы ойыншыдан артық нәрсені қаламайтынын айтып келемін. Жағдай қалай өзгерсе де, спортшы өзінің қызығушылығы мен фанатизмін көрсете алуы қажет. Біз өз тарапымыздан әрқашан оларды шабыттандырып, алдарына нақты мақсаттар қоюға тырысамыз. Спортшы еңбек етуге, мансабы үшін, табысқа жету үшін көп нәрсені құрбан етуге дайын болса, біз жігіттерге асқақ мақсаттардың орындалатынын көрсетуіміз керек" - деді.

Parimatch
Фото: Parimatch

Федерацияның титулды серіктесі халықаралық Parimatch беттинг компаниясы да спорттың осы түрін дамыту бағытында белсенді түрде ат салысып келеді. Бұл туралы Parimatch Kazakhstan бренд-маркетинг жөніндегі директоры Надежда Рязанцева былай дейді:

"Біздің жоспарларымыз – ұзақ мерзімді серіктестік орнату. Алдағы 3 жылға көптеген спорттық және білім беру жобаларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі стратегиялық пайымымыз және бірлескен жоспарларымыз да баршылық. Биылғы жылдың алғашқы жобасы - 3x3 Parimatch Ice Games турнирі ертең өтеді. Бұл бүкіл Қазақстан бойынша жоспарланған ойындардың тұтас сериясы болмақ. Ал үрдіске айналатын ойынның бұл форматы Шымкент қаласынан бастау алады".

Parimatch
Фото: Parimatch

Қызықты хоккей ойыны мен гол соғылатын жарқын сәттерден басқа салтанатты шараның қонақтары үшін қызықты ойын-сауық бағдарламасы дайындалды - жас мәнерлеп сырғанаушылар мен әртістер өнер көрсетіп, байқаулар, жүлделер және т.б. жоспарланған.

Келушілер үшін кіру тегін.

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2007030-symkentte-xokkeiden-algas-ret-ice-games-3x3-turniri-otedi/

pixel