Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық теннисші Аустралиядағы турнирдің финалисі атанды

Опубликовано:

спортшы
Кәкенова кортта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстандық, 14 жастағы Альбина Кәкенова Аустралия ашық чемпионатына орайластырылған, "Мельбурн Паркта" өткен Asia-Pacific Elite 14 & Under Trophy жасөспірімдер турнирінің финалисі атанды, деп хабарлайды Қазақстанның теннис федерациясы.

Қазақстандық жас теннисші тартысты өткен соңғы бәсекеде жапониялық Хикари Ямоммотоға есе жіберді. Есеп: 7:6, 4:6, 2:6.

"Әрине, осыншама күш жұмсап, жеткен финалда ұтылған өкінішті. Дегенмен жылды жақсы бастап, осындай беделді турнирдің финалында өнер көрсеткеніме қуаныштымын. Бұдан тәжірибе жинадым дей аламын", - деді Кәкенова.

Айта кетейік, Альбина Кәкенова – Астана теннис мектебінің түлегі.

"Дәулет" теннис орталығында Марат Шәріповтің басшылығымен жаттығады.

2022 жылы ATF (Asian Tennis Federation) Juniors сериясы бойынша өткен төрт жарыстың жеңімпазы атанып, 14 жасқа дейінгілер арасында Азия рейтингісінде көш бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2007074-otandyq-tennissi-australiyadagy-turnirdin-finalisi-atandy/

pixel