Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"20-сы жүлде алды": Федерация отандық боксшылардың Азия біріншілігіндегі нәтижесіне баға берді

Опубликовано:

бокс
Фото: Бокс федерациясы

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Бангкок қаласында өткен 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия біріншілігін қорытындылады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бокстан еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы Таиланд астанасы Бангкокта 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында бақ сынады.

Барлық спортшымызды, жаттықтырушылар штабын және осы бекзат спорттың жанкүйерлерін Ұлттық құраманың жоғары нәтижесімен құттықтаймын! Қазақстандық шаршы алаң шеберлері 5 алтын (үш еркек, екі әйел), 3 күміс (ерлер) және 12 қола (бес ер және жеті әйел) жеңіп алды. Осылайша, 25 боксшының 20-сы медальге қол жеткізді. Боксшылар үшін биылғы басты бәсеке – Ташкенттегі әлем чемпионаты және Қытайда өтетін жазғы Азия ойындары. Дәл осы жарыстарға Қазақстан бокс федерациясы мен Мәдениет және спорт министрлігі басымдық беріп, құраманың жұмысына жіті назар аударады", - деді Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2007075-20-sy-zulde-aldy-federaciya-otandyq-bokssylardyn-aziya-birinsiligindegi-natizesine-baga-berdi/

pixel