Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рыбакина Australian Open-де жаңа титулды бағындыруда

Опубликовано:

Елена Рыбакина
Фото: Parimatch

Австралия ашық чемпионаты бүкіл әлемдегі жанкүйерлердің жүрегін жаулап алуды жалғастыруда. Ал Елена Рыбакинаның арқасында Қазақстан үшін Мельбурн теннис корттарында жаңа тарих жазылып жатыр.

Бірнеше күн бұрын қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Виктория Азаренкоға қарсы ойында сенсациялық жеңіске жетіп, соның арқасында Australian Open финалына шықты. Спортшылардың кездесуі 1 сағат 40 минутқа созылып, 7:6, 6:3 есебімен аяқталды. Көрермендер бірінші сеттің соңғы нүктесін қойған тай-брейктен ләззат алды.

Айта кету керек, Елена Рыбакина допты 9 рет жиекке шығарып, барлығы 3 мәрте қос қателікке жол берді. Виктория Азаренко осы уақытқа дейін Австралияда өткен "Үлкен Дулыға" турнирінің екі дүркін, сондай-ақ қазіргі чемпионы болып келген. Енді әйелдер санатында жаңа жеңімпаз анықталатын болады.

Финалда Рыбакинаның қарсыласы әлемнің бесінші ракеткасы Арина Соболенко болады. Ол екі Үлкен Дулыға турнирінің жұптық разрядтағы жеңімпазы, бірақ бірінші рет жұпсыз разрядта ойнайтын болады.

Қыздар бұған дейін үш рет кездескен: 2019 жылы Wuhan Open аясында және 2021 жылы Abu Dhabi Open және Wimbledon-да. Үш рет те Соболенко жеңіске жеткен. Матч сөзсіз керемет болады деп күтілуде. Өйткені Арина Соболенко жеке кездесулерде жеңіс сериясын арттырғысы келеді, ал Рыбакина басты олжа үшін шайқаста реванш алғысы келетіні анық.

Теннис жанкүйерлері алдағы кездесуді турнир тарихындағы ең мықты шайқастардың бірі деп атайды. Australian Open-де жеңіске жеткен Елена Рыбакина әлемнің үздік 10 теннисшісінің қатарына енеді.

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:

Рыбакина жеңісі – 2.12, Соболенко жеңісі– 1.7

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2007080-rybakina-australian-open-de-zana-tituldy-bagyndyruda/

pixel