Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Роналду 51-орында": 2022 жылдың үздік жүз футболшысы белгілі болды

Опубликовано:

Лионель Месси Әлем чемпионатының кубогымен
Лионель Месси Әлем чемпионатының кубогымен. Фото: Twitter/Fifa World Cup

Лионель Месси The Guardian нұсқасы бойынша 2022 жылдың үздік футболшысы атанды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Рейтингтің екінші сатысына Лионель Мессидің "ПСЖ" клубындағы әріптесі, Франция құрамасының шабуылшысы Киллиан Мбаппе жайғасқан.

Үздік үштікті "Реал Мадрид" шабуылшысы Карим Бензема қорытындылады.

Төртінші орын - Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити" мен Норвегия шабуылшысы).

Бесінші орын - Лука Модрич ("Реал Мадрид" пен Хорватияның жартылай қорғаушысы).

Алтыншы орын - Кевин де Брюйне ("Манчестер Сити" мен Бельгия құрамасының жартылай қорғаушысы).

Жетінші орын - Роберт Левандовски ("Барселона" мен Польша құрамасының шабуылшысы).

Сегізінші орын - Винисиус Жуниор ("Реал Мадрид" пен Бразилия құрамасының шабуылшысы),

Тоғызыншы орын - Тибо Куртуа ("Реал Мадрид" пен Бельгия құрамасының қақпашысы).

Оныншы орын - Мохамед Салах ("Ливерпуль" мен Египет құрамасының шабуылшысы).

Айта кетейік, Португалия құрамасы мен "Әл-Наср" шабуылшысы Криштиану Роналду тізімнің 51-сатысында орналасқан.

Ал жүзінші орында Аргентина құрамасы мен "Бенфиканың" қорғаушысы Николас Отаменди тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2007113-ronaldu-51-orynda-2022-zyldyn-uzdik-zuz-futbolsysy-belgili-boldy/

pixel