Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Винтовка және тапаншамен нысана көздеуден Әлем кубогы: Ел қоржынына алтын медаль түсті

Опубликовано:

спорт
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Индонезия астанасы Джакартада винтовка және тапаншамен нысана көздеуден Әлем Кубогында ел қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

Еліміздің әйелдер құрамасы 10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден жеңімпаз атанды. Александра Ле, Елизавета Безрукова, Анастасия Григорьева үштігі финалда Сингапур құрамасынан 17-15 есебімен басым түсті.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 2-орында тұр.

Еске сала кетейік, Джакартадағы бәсекеге 15 қазақстандық спортшы аттанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2007576-vintovka-zane-tapansamen-nysana-kozdeuden-alem-kubogy-el-qorzynyna-altyn-medal-tusti/

pixel