Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Челси" Аргентина құрамасының ойыншысын рекордтық сомаға сатып алды (фото)

Опубликовано:

жартылай қорғаушы
Энцо Фернандес. Фото: Twitter/FIFA World Cup

Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Энцо Фернандес "Бенфика" сапынан "Челсиге" ауысты. Бұл ақпаратты Португалияның бағалы қағаздар нарығы жөніндегі комиссиясы ресми сайтында растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Лондондық клуб Энцо Фернандес үшін "Бенфикаға" 121 миллион еуро төлейді. Бұл - бір ойыншыны сатып алуға бөлінген Англия премьер-лигасы тарихындағы рекордтық сома.

Бұған дейінгі рекорд Джек Грилиш трансферіне тиесілі. Оны "Манчестер Сити" "Астон Вилладан" 100 миллион еуроға сатып алған еді.

"Челси" мен 22-жастағы аргентиналық футболшы 2031 жылға дейін келісімшартқа отырды.

Айта кетейік, Энцо Фернандес мансабында "Бенфика", "Ривер Плейт" секілді клубтарда доп тепкен. Сонымен қатар ол Аргентина құрамасымен бірге Катарда өткен Әлем біріншілігінде жеңімпаз атанып, "турнирдің үздік жас ойыншысы" атағын жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2007577-celsi-argentina-quramasynyn-oiynsysyn-rekordtyq-somaga-satyp-qaldy-foto/

pixel