Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан ерлер құрамасы Дэвис кубогының іріктеу матчына дайындықты бастады

Опубликовано:

Александр Бублик
Александр Бублик. Фото: JEAN-CHRISTOPHE VERHAEGEN/AFP via Getty Images

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы Дэвис кубогі іріктеу матчына дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан теннис федерациясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, Чили құрамасымен матч Ла Серена қаласында 4-5 ақпан күндері өтеді.

Тынық мұхиты жағалауында орналасқан қалаға Қазақстан құрамасының барлық өкілі келген.

Қазіргі уақытта Александр Бублик, Тимофей Скатов, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев және Александр Недовесов жаттығуға кірісті.

Бұл қос ел арасындағы алғашқы кездесу болмақ. Чили - 1976 жылы Дэвис кубогінің финалисі атанған команда.

"Мен мұндай корттарға алаңдамайтын болдым, бұрын топырақ төсенішінде нашар ойнағанымды естен шығардым. Чилиге жақсы көңіл-күймен келдім. Өз елімнің намысын қорғап, жеңу үшін бар күшімізді саламыз, сондықтан мұқият дайындалудамыз", - деді Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик.

Айта кетейік, ойындар "Ла Трентино" аренасының топырақ төсенішіндегі корттарда өтеді.

Бастапқы жекелей сында екі ойын болмақ. Келесі күні жұптық сында бір, жекелей сында тағы екі кездесу өтеді.

Жеңімпаз команда Дэвис кубогінің қыркүйекте өтетін финалдық кезеңіне жолдама алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2007591-qazaqstan-erler-quramasy-devis-kubogynyn-irikteu-matcyna-daiyndyqty-bastady/

pixel