Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Егер күреспей қойсақ, алтынды бермейтін еді": Абиба Әбужақынова екі қазақ қызының финалдағы жекпе-жегіне тоқталды

Опубликовано:

Абиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева татамиде күресуде
Абиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева. Фото: ijf.org

Дзюдодан Португалияда өткен әлемдік Гран-при турнирінің финалында алғаш рет қазақ қыздары кездесті. 48 келіде сынға түскен Абиба Әбужақынова ақтық сындағы кездесуге қатысты алғаш рет пікір білдірді, деп жазады Bassport.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Өздеріңіз білетіндей, бұл - тарихи жағдай. Бұған дейін Гран-приде екі қазақ қызы финалда кездеспеген. Ғалия екеуіміз бұрын өзара күресіп жүргенбіз. Бірақ мынадай халықаралық жарыста, оның үстіне финалда алғаш рет жолығып отырмыз. Ал ішкі біріншілікте алма-кезек жеңіп жүрміз", - дейді спортшы.

Финалға екі қазақстандық спортшы шыққан соң, алтын мен күміс еліміздің атына жазылатыны белгілі. Ұлттық құрама үшін қайсысы алтын, қайсысы күміс алса да айырмашылығы жоқ болатын. Ал спортшыларға қалай десек те мұндай мүмкіндікті мүлт жібермей, чемпион болу маңызды еді.

"Қазақстан әнұранын бірге орындап, туын бірге көтеретініміз түсінікті еді. Дегенмен бірінші орын үшін соңына дейін таластық. Ешқандай өкпе-жоқ. Татамида қарсыласпыз, өмірде доспыз. Жарыс болған соң, чемпион болу маңызды", – дейді Абиба.

Егер екеуі де күреспей, тек уақыт өткізіп, ескерту алумен шектелсе, өкінішті болуы мүмкін еді. Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) мұндайда екі спортшыға да алтын бермей, екінші орынға түсіріп тастайды.

"Бапкерлеріміз келіспей күресу керектігін айтты. Олар да қатты қуанды. 48 келіге дейін салмақта екі топтан кіл мықтылар арасынан қазақ қыздарының жарып шығып, финалға өткені оларды да толқытты. Алда 3-4 күнде Парижде жарыс бар. Ғалия екеуіміз сол додаға да қатысамыз. Сондықтан осы жетістігімізді қайталағымыз келеді", – дейді дзюдошы қыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2007678-eger-kurespei-qoisaq-altyndy-bermeitin-edi-abiba-abuzaqynova-eki-qazaq-qyzynyn-finaldagy-zekpe-zegine-toqtaldy/

pixel