Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Винтовка және тапаншамен нысана көздеуден Әлем Кубогы: Ел қоржынына тағы бір жүлде түсті

Опубликовано:

марапаттау
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан винтовка және тапаншамен нысана көздеуден Әлем Кубогында ел қоржынына тағы бір медаль түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еліміздің ерлер құрамасы 10 метрден пневматалық тапаншамен нысана көздеуде финалға шығып, Түркия мергендерінен 16-2 есебімен жеңіліп қалды.

Ұлттық құрама сапында Никита Чирюкин, Алексей Лотарев, Валерий Рахимжан өнер көрсетті.

Бұл қазақстандық мергендердің Индонезияда қол жеткізген 5-жүлдесі.

Қазіргі уақытта отандық спортшылар 1 алтын, 3 күміс және 1 қоламен жалпыкомандалық есепте 3-орынға жайғасты.

Жалпы Джакартадағы бәсекеге 15 қазақстандық спортшы аттанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2007691-vintovka-zane-tapansamen-nysana-kozdeuden-alem-kubogy-el-qorzynyna-tagy-bir-zulde-tusti/

pixel