Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хоккейден жастар құрамасы А дивизионына жолдама алды

Опубликовано:

Қазақстанның жастар құрамасы
Фото: Спортты дамыту құрамасы

Хоккейден 18 жасқа дейінгі еліміздің жастар құрамасы Болгария астанасы Софияда өткен әлем чемпионатының II дивизионындағы В тобының жеңімпазы атанды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Соңғы турда Ұлттық құрама Исландия хоккейшілерін 7-0 есебімен ұтты. Бұл ойында София Зубкова, Мадина Юсупова, Анастасия Филимонова мен София Раковская мергендігімен көзге түсті.

Осылайша, қазақстандық хоккейшілер бес матчта жеңіске жетіп, 15 ұпаймен А дивизионына шықты.

Еске сала кетейік, бұған дейін отандық спортшылар Болгария (8-1), Жаңа Зеландия (7-1), Бельгия (5-3) мен Эстониядан (8-0) айласын асырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2007720-xokkeiden-zastar-quramasy-a-divizionyna-zoldama-aldy/

pixel