Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Манчестер Юнайтед" Англияның лига кубогының финалына шықты

Опубликовано:

Рэшфорд
Рэшфорд: Twitter/Manchester United

Түнде Англияның лига кубогының жартылай финалдық матчы өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жартылай финалдың жауапты матчында "Манчестер Юнайтед" өз алаңында "Ноттингем Форест" клубымен шеберлік байқасты.

"Олд Траффорд" стадионында өткен матчта Эрик Тен Хаг шәкірттері жеңіске жетті. Есеп 2:0. Гол авторлары: Антони Марсьяль, Фред.

Айта кетейік, қос клуб арасындағы алғашқы матчта да "Манчестер Юнайтед" басым түскен (0:3).

Осылайша, Эрик Тен Хаг шәкірттері Англия лига кубогының финалына шықты.

Енді "Манчестер Юнайтед" 26 ақпан күні "Ньюкаслмен" кубокты сарапқа салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2007727-mancester-yunaited-angliyanyn-liga-kubogynyn-finalyna-syqty/

pixel