Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: Бір команда жарыс жолынан шығып қалды

Опубликовано:

алаң
Фото: pexels.com

Мароккода футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алғашқы матч египеттік "Әл-Ахли" мен жаңазеландиялық "Окленд Сити" арасында өтті.

Тартысты өткен ойын мысырлық ұжымның пайдасына аяқталды. Есеп 3:0. Гол авторлары: Хуссейн Эль-Шахат, Мохаммед Шериф, Перси Тау.

Осылайша, "Әл-Ахли" клубтар арасындағы әлем чемпионатының келесі айналымына жолдама алды. Енді египеттік клуб 4-ақпанда "Сиэтл Саундерс" клубымен ойнайды. Аталға датада "Видад" мен "Әл-Хилаль" матчы да болмақ.

Екі кездесудің жеңімпазы жартылай финалға шығады. Олар финалға берілетін жолдама үшін "Реал Мадрид" және "Фламенгомен" шеберлік байқасады.

Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалы 11 ақпанда өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2007758-klubtar-arasyndagy-alem-cempionaty-bir-komanda-zarys-zolynan-sygyp-qaldy/

pixel