Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Parimatch халықаралық турнирде Қазақстан құрамасына қолдау көрсетуге шақырады

Опубликовано:

Parimatch
Фото: Parimatch

4-7 ақпан аралығында Астана қаласындағы "Барыс Арена" кешенінде U-18 санатында шайбалы хоккейден Parimatch Eurasia Jastar Cup 2023 халықаралық турнирі өтеді. Жанкүйерлер қазақстандық хоккейдің болашақ жұлдыздарына қолдау көрсетіп, қызықты шоу-бағдарламаны тамашалай алады.

Шараны Қазақстанның хоккей федерациясы мен Parimatch компаниясы ұйымдастырып отыр. Турнир аясында еліміздің 18 жасқа дейінгі хоккейшілерінің жаңа буыны дәстүрлі ойын форматында да, стандартты емес 3х3 форматында да көршілес елдердің командаларымен кездеседі. Жас спортшылар биылғы жылдың сәуір айында Францияда өтетін әлем чемпионатына дейін халықаралық деңгейде тәжірибе алу мүмкіндігіне ие болады.

Мұндай чемпионаттар елдегі спортты дамытуда маңызды рөл атқарады, спортшыларға әртүрлі қарсыластармен ойын тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық барысында ҚХФ мен Parimatch компаниясы бірнеше іс-шаралар ұйымдастырды. Соның ішінде 2021 жылғы ақпанда ересектер арасында хоккейден Qazaqstan Hockey Open кубогы және осы жылғы қаңтарда өткен Ice Games 3x3 турнирі де бар.

"Parimatch Eurasia Jastar Cup серіктестігімізді нығайтуға ғана емес, сондай-ақ жалпы хоккейді, әсіресе жастар хоккейін дамытуға бағытталған тағы бір қадам болмақ. Бүгінгі таңда шетелдік чемпионаттарға тұрақты қатысу қиынға соғып тұрғанда мұндай турнирлер бізге керек. Алдағы чемпионат динамикалық 3x3 форматын, сондай-ақ ерлер мен әйелдер командалары арасындағы ерекше бәсекелестікті қамтығандықтан да бірінші болып табылады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық жанкүйерлерді Parimatch Eurasia Jastar Cup матчтарына шақырамыз! Сондай-ақ көрермендер матчтарды теледидардан көре алады – барлық трансляциялар Insport телеарнасында және Youtube желісінде қолжетімді болады", - деп хабарлады Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры Глеб Каратаев.

Қазақстандық хоккей матчтарының ауқымды трансляциясы ҚХФ мен Parimatch арасындағы ынтымақтастықтың тағы бір маңызды нәтижесі болып отыр. Екі жақтың ортақ үлесімен 2020 жылы елдің барлық аймағында Pro Hokei Ligasy және Jas Ligasy матчтарының тікелей трансляциясы таратылғаны белгілі. Ағымдағы маусымнан бастап қазақстандықтар барлық ұлттық лигалардың, соның ішінде әйелдер мен әуесқойлар лигаларының матчтарын тамашалай алады. Түскен қаражат Jas Nomad бағдарламасын әзірлеуге және ендіруге, сондай-ақ Қазақстандағы хоккейдің дамуына ықпал ететін басқа да жобаларға бағытталады.

"Біз Қазақстан хоккей федерациясымен серіктестік аясында көптеген жетістікке жеттік. Ал Parimatch Eurasian Jastar Cup – бұл федерациямен ұзақ мерзімді серіктестікті дамыту арқылы ең алдымен осы қызықты спортты кеңінен насихаттау, оған деген сүйіспеншілікті ояту, сондай-ақ жас спортшыларға әлемдік деңгейдегі мұз ареналарын бағындыру жолында қолдау мақсатында жоспарланып отырған тағы бір маңызды кезең", — деп Parimatch Kazakhstan компаниясының бренд маркетинг жөніндегі директоры Надежда Рязанцева ойын бөлісті.

Көрермендерді әсерлі матчтардан басқа, қызықты ойындар, тәттілер, музыкалық және ойын-сауық бағдарламалары күтеді. Сондай-ақ жанкүйерлердің турнирдің бас демеушісі Parimatch компаниясының фирмалық мерчін алу мүмкіндігі бар. Барлық келушілер үшін кіру тегін.

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2007803-parimatch-xalyqaralyq-turnirde-qazaqstan-quramasyna-qoldau-korsetuge-saqyrady/

pixel