Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақжайық" футбол клубының бас бапкері тағайындалды (фото)

Опубликовано:

Жасыл алаң
Жасыл алаң. Фото: pexels.com

Игорь Прохницкий "Ақжайық" футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, Игорь Прохницкий бапкерлік мансабын 1990 жылы бастаған.

Әр жылдары "Ақтөбе" футбол клубының жастарын, "Ақтөбе-Жас" командасын жаттықтырды.

2012 жылы Қазақстан U-17 құрамасы бапкерінің ассистенті болған.

2013-2014 жылдары "Каспий" футбол клубының бас бапкері қызметін атқарды.

Сонымен қатар "Ақтөбе" футбол клубында екінші бапкер, облыстық дарынды балаларға арналған арнайы футбол мектебінің директоры, "Ақтөбе" футбол клубы бас бапкерінің міндетін атқарушы қызметтерінде болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2007804-aqzaiyq-futbol-klubynyn-bas-bapkeri-tagaiyndaldy-foto/

pixel