Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатырмыз": "Ақтөбе" футбол клубы ресми мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Доп1
Көрнекі фото: piqsels.com

“Ақтөбе” футбол клубының басқарма төрағасы Ерлан Жамантаев команда төңірегіндегі қаржылық ахуалға байланысты түсініктеме берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазіргі таңда бізде өткен жылдан қалған өтпелі қаржылық міндеттеме түріндегі проблема бар екені жасырын емес. Алайда аталған қаржылық мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бапкерлік штаб пен ойыншылардың алдындағы былтырғы маусымның қарызын жабу үшін қосалқы демеушілерді тарту үстіндеміз.

Алдағы уақытта жағдай тұрақталып, бұл мәселе трансферлікке саясатқа кедергісін келтірмейді деп үміттенеміз", - деді Ерлан Жамантаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2007938-maseleni-sesu-usin-zumys-istep-zatyrmyz-aqtobe-futbol-kluby-resmi-malimdeme-zasady/

pixel