Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана" атақты легионердің клуб сапынан кеткенін хабарлады

Опубликовано:

Марко
Марко Милошевич. Фото: "Астана" футбол клубының баспасөз қызметі

Cербиялық қақпашы Марко Милошевич "Астана" футбол клубының сапына кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана" футбол клубы мен Марко Милошевич ортақ келісімге келіп, қақпашы көк-сарылар қатарынан кетті.

Марко елордалық клубқа 2022 жылғы маусымда қосылып, чемпионатты жеңіп алуға өз үлесін қосты.

Қақпашыға команданың жеңіс жолында атқарған еңбегі үшін алғыс айтып, футбол әлемінде тек сәттілік тілейміз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Марко Милошевич мансабын 2009 жылы "Земун" клубында бастады. Қақпашы "Раднички", "Синджелич", "Вождовац", "Каспий" секілді клубтарда доп тепкен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2007941-astana-ataqty-legionerdin-klub-sapynan-ketkenin-xabarlady/

pixel