Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз олардан мықтымыз": Өзбекстандық Олимпиада чемпионы қазақ боксшыларына қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Баходир Жалолов шаршы алаңда
Баходир Жалолов. Фото: olympic.uz

Бокстан аса ауыр салмақтағы Токио Олимпиадасының чемпионы Баходир Жалолов Қазақстан мен Өзбекстан боксын салыстырып, сұхбат берді. Бұл туралы qalampir.uz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Боксшы 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия біріншілігін қорытындылаған.

"Өзбекстан әуесқой бокстан әлем үздігі саналады. Таиландтағы Азия біріншілігі де Өзбекстан чемпионатына айналды. Біздің боксшылар 10 салмақтың тоғызында алтын медаль алды. Мұндай жағдай тарихта болмаған. Өткен жылғы әлем чемпионатында Қазақстан көбірек медаль алды. Оның үстіне қыздардың да көрсеткіші есепке алынды. Осы тұрғыдан олар алда болған шығар. Жалпы алғанда біз ірі жарыстарда Қазақстанның алдын орадық. Біздің бокс қазақстандық бокстан мықты", - деді Жалолов.

Айта кетелік, Баходир Жалолов қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаевты Азия және әлем чемпионаттарында ұтқан болатын.

Бүгінде кәсіби бокста бақ сынап жүрген Жалолов Токио Олимпиадасының чемпионы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2008063-biz-olardan-myqtymyz-ozbekstandyq-olimpiada-cempiony-qazaq-bokssylaryna-qatysty-malimdeme-zasady/

pixel