Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Эльмира Сыздықова туған күнінде Спартакиада чемпионы атанды

Опубликовано:

Эльмира Сыздықова
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында әйелдер күресінен VI жазғы Спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

50 келі:

Алтын – Эллада Махяддинова (Ақмола облысы)

Күміс – Светлана Анкичева (Астана)

Қола – Марал Тәңірбергенова (Маңғыстау облысы), Камила Апекова (Павлодар облысы)

53 келі:

Алтын – Алтын Шағаева (Алматы облысы)

Күміс – Гүлжазира Амантаева (Қостанай облысы)

Қола – Мадина Асан (Алматы қаласы), Зейнеп Баянова (БҚО)

55 келі:

Алтын – Марина Седнева (Алматы облысы)

Күміс – Гүлсамал Нұрлан (Ақтөбе облысы)

Қола – Зульфия Яхьярова (Қарағанды облысы), Лаура Алмағамбетова (Қостанай облысы)

57 келі:

Алтын – Нилуфар Райымова (Түркістан облысы)

Күміс – Айнұр Әшімова (Алматы облысы)

Қола – Татьяна Тарабрина (БҚО) мен Айжан Исмағұлова (Ақтөбе облысы)

59 келі:

Алтын – Диана Каюмова (Астана)

Күміс – Айгерім Ибрашева (Ақтөбе облысы)

Қола – Данагүл Мәлкен (Түркістан облысы) мен Эмма Тисина (Астана)

62 келі:

Алтын – Ирина Кузнецова (Ақмола облысы)

Күміс – Аяулым Қасымова (Алматы облысы)

Қола – Әсия Әлібек (Шымкент) мен Жангүл Болд (Ақмола облысы)

65 келі:

Алтын – Альбина Қайыргелдинова (Ақмола облысы)

Күміс – Дариға Әбен (Түркістан облысы)

Қола – Тыныс Дубек (Алматы облысы) мен Диляра Айтжанова (Ақмола облысы)

68 келі:

Алтын – Елена Шалыгина (Шымкент)

Күміс – Гауһар Мұқатай (Алматы қаласы)

Қола – Амина Теміртасова (Ақмола облысы) мен Шәмшиябану Тастанбек (Түркістан облысы)

72 келі:

Алтын – Жамила Бақбергенова (Астана)

Күміс – Анастасия Панасович (БҚО)

Қола – Александра Зайцева (Ақмола облысы) мен Ақмарал Асанқызы (Қарағанды облысы)

76 келі:

Алтын – Эльмира Сыздықова (Қарағанды облысы)

Күміс – Гүлмарал Еркебаева (Астана)

Қола – Алина Ертөстік (Ақтөбе облысы), Ұлбосын Қожамберді (Алматы облысы)

Жалпыкомандалық есепте Алматы облысы 1-орын (144 ұпай) алса, одан кейінгі сатыға Ақмола (115) мен Түркістан облысы (113 ұпай) жайғасты.

Биыл жарақатын емдеп, бір жылдан кейін бозкілемге қайта оралған Эльмира Сыздықова туған күнінде Спартакида "алтынын" ұтып алды.

Бүгін 31 жасқа толған балуанды Қазақстан грек-рим еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов арнайы құттықтады.

Айта кетейік, Эльмира Олимпиада - ойындарында жүлде жеңіп алған тұңғыш қазақ қызы (2016 жылғы Рио Олимпиадасы).

Эльмира финалдан кейін берген сұхбатында әлі толық бабына келмегенін айтты.

Барлық белдесуден кейін әйелдер күресінен Ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сағадиев балуандардың дайындық жоспарына тоқталды.

Оның сөзінше, биыл екі құрама жасақталып, халықаралық жарыстарда кезек-кезек өнер көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2008144-elmira-syzdyqova-tugan-kuninde-spartakiada-cempiony-atandy/

pixel