Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Реал Мадридтің" қатысуымен өткен матчта күтпеген нәтиже тіркелді

Опубликовано:

Real Madrid C.F
Марко Асенсио жасыл алаңда. Фото: Twitter/Real Madrid C.F

Түнде Испания біріншілігінің кезекті турының матчы өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Испания біріншілігінің 20-турында "Мальорка" мен "Реал Мадрид" кездесті. "Сон Моиш" стадионында өткен матчта Карло Анчелоттидің шәкірттері жеңіліп қалды. Есеп: 1:0. Матчтағы жалғыз гол 13-минутта тіркелді. Карольдік клубтың қорғаушысы Начо Фернандес өз қақпасына доп соғып алды.

Осылайша, "Реал Мадрид" кезекті рет жеңіліп, көш басындағы "Барселонадан" 8 ұпай қалып қойды. Қазіргі уақытта каталониялық ұжымда 53 ұпай бар.

Айта кетейік, "Мальорка" мен "Реал Мадрид" кездесуінің алдында спорт сарапшылары мен жанкүйерлер карольдік клуб жеңіске жетеді деп болжаған еді. Алайда алаң иелері сенсация жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2008147-real-madridtin-qatysuymen-otken-matcta-kutpegen-natize-tirkeldi/

pixel