Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"8 ұпайға озып тұр": "Барселона" турнирлік кестедегі орнын жақсартты

Опубликовано:

Barcelona
"Барселона" футбол клубының ойыншылары ойын алдында. Фото: Twitter/FC Barcelona

Түнде футболдан Испания біріншілігінің 20-тур ойындары өтті. "Барселона" өз алаңында "Севилья" клубынан басым түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мачтағы есеп 58-минутта ашылды. Гол авторы - "Барселонаның" қорғаушысы Жорди Альба.

Араға он минуттай уақыт салып каталониялық ұжымның жартылай қорғаушысы Гави есепті еселеді.

Ойынның нүктесін "Барселонаның" жартылай қорғаушысы Рафинья Диас 79-минутта қойды.

Осылайша, "Барселона" "Камп Ноу" стадионында өткен матчта "Севильяны" 3:0 есебімен ұтты.

Айта кетейік, 20-турдан кейін Хавидің шәкірттері 53 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орындағы "Реал мадридте" 45 ұпай бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2008154-8-upaiga-ozyp-tur-barselona-turnirlik-kestedegi-ornyn-zaqsartty/

pixel