Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Манчестер Сити" мен "Тоттенхэм" арасындағы ойында күтпеген нәтиже тіркелді

Опубликовано:

футбол
Фото: Twitter/Manchester City

Футболдан Англия чемпионатының 22-турында "Тоттенхэм" пен "Манчестер Сити" кездесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Тоттенхэм Хотспур" стадионында өткен матчта алаң иелері "Манчестер Ситиден" айласын асырды. Есеп 1:0. Матчтағы жалғыз голды он бесінші минутта "Тоттенхэм" шабуылшысы Харри Кейн соқты.

Қазіргі уақытта турнирлік кестеде 50 ұпаймен "Арсенал" көш бастап тұр. Екінші орынға "Манчестер Сити" жайғасқан. Ал "Тоттенхэм" бесінші орында келеді.

Айта кетейік, кездесу басталғанға дейін спорт сарапшылары аталған ойында "Манчестер Сити" жеңіске жетеді деп болжаған еді. Алайда "Тоттенхэм" күтпеген нәтижеге қол жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2008173-mancester-siti-men-tottenxem-arasyndagy-oiynda-kutpegen-natize-tirkeldi/

pixel