Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тойда 500 адам болды": ресейлік футболшы Нұралы Әліптің Ақтаудағы дүркіреп өткен тойына қатты таң қалды

Опубликовано:

Нұралы Әліп жұбайы Айгеріммен тойда
Нұралы Әліп жұбайы Айгеріммен. Скриншот: Видеодан скриншот

Ресейлік "Зенит" клубының ойыншысы Дмитрий Чистяков Матч ТВ арнасына сұхбат беріп, командаласы Нұралы Әліптің Ақтауда өткен тойы туралы әңгімелеп берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ресейлік ойыншы командалас досы Нұралының тойына сүйіктісімен келген.

"Ол мені тойға чемпионат әлі аяқталмай тұрып шақырып қойған. Ақтау өте жақсы, Каспий теңізінің жағасындағы курортты қала екен. Тойға келер болсақ, сөзсіз керемет өтті. Мұндай тойға бірінші рет бардым. Той үш күн болса да, келген қонақтар санында шек жоқ. Бірінші күні 400-500 адам болды, негізінен күйеу жігіттің туыстары. Түсінгенімше, екінші күні келіннің туыстары көбірек болды. Бізді де шақырды, өйткені, Нуриктің әйелінің әкесі жақынырақ танысқысы келген екен. Жақсы отырдық, жергілікті дәстүрмен таныстырды. Ал үшінші күнгі той тек жастарға арналды. Жалпы есебі 500 адам болды", - дейді Чистяков.

Футболшының айтуынша, тойға келген адамдардың көпшілігі бірін бірі танымайды.

"Той сахнасы бар үлкен залда өтті. Столдардың санында шек жоқ. Бізге тойға келген адамдар бірін-бірі танымайтындай көрінді. Нуриктің де бәрін танымайтынына сенімім мол (күлді). Бірақ өте қызық өтті, жаңа дос таптық. Адамдардың бәрі қонақжай, сондықтан өзімді жайлы сезіндім. Алғаш рет қымыз ішіп, жылқы мен түйе етін жедім", - деді ресейлік ойыншы.

Нұралы Әліп - футболдан Қазақстан құрамасы мен "Зенит" клубының ойыншысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2008233-nuriktin-toiynda-500-adam-boldy-reseilik-futbolsy-nuraly-aliptin-aqtaudagy-toiy-durkirep-otkenin-aitty/

pixel