Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түрмеге отырар едім": Жалғас Жұмағұлов спорттан тыс өміріндегі күтпеген жағдайларды айтты

Опубликовано:

Жалғас Жұмағұлов октагоннан шығып барады
Жалғас Жұмағұлов. Фото: Louis Grasse/PxImages/Icon Sportswire via Getty Images

Ережесіз жекпе-жек шебері, қазіргі таңда UFC лигасында өнер көрсетіп жүрген Жалғас Жұмағұлов спорттың арқасында көптеген қиындықтан айналып өткенін мәлімдеді. Бұл туралы Вестник ММА арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"ММА болмаса, қазір қайда жүрер едіңіз?, - деген сұраққа спортшы көпшілік күтпеген жауабын айтты.

"Бәрінен бұрын өзімді жоғалтып алар едім. Бәлкім, түрмеге түсер ме едім? Қазір онда үлкен жаза арқалап отырған достарым көп. Тіпті, өмір бойына бас бостандығынан айырылған таныстарым бар", - деді ол.

Еске сала кетейік, 34 жастағы Жалғас Жұмағұлов ережесіз жекпе-жектен америкалық UFC лигасында өнер көрсетеді. Ол алты кездесу өткізіп, тек біреуінде жеңіске жеткен.

Ол өзінің екі әйелі барын да хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2008250-turmege-otyrar-edim-zalgas-zumagulov-sporttan-tys-omirindegi-kutpegen-zagdailardy-aitty/

pixel