Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Джакартадағы Әлем Кубогы: Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте нешінші орын алды

Опубликовано:

спортшы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Индонезия астанасы Джакартада өткен винтовка және тапаншамен нысана көздеуден Әлем Кубогында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте топ жарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Байрақты бәсекеде ел намысын 15 спортшы қорғап, 11 медаль (3 алтын, 5 күміс, 3 қола) жеңіп алды.

Чемпиондық атаққа Никита Чирюкин, Арина Алтухова және құрамында Александра Ле, Елизавета Безрукова, Анастасия Григорьева өнер көрсеткен әйелдер құрамасы қол жеткізді.

Әлемдік додаға барлығы 32 елден 350 спортшы қатысты.

Индонезиядағы Әлем Кубогі рейтингтік жарыс болғандықтан, оның қорытындысы бойынша ұпайлар үлестіріліп, командалар ISSF кестесінде көтеріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2008342-dzakartadagy-alem-kubogy-qazaqstan-quramasy-zalpykomandalyq-esepte-nesinsi-oryn-aldy/

pixel