Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиялық клубтың қақпашысы жойқын жер сілкінісінен соң табылмай жатыр

Опубликовано:

Ахмет Эюп Туркаслан
Ахмет Эюп Туркаслан. Фото: sabah.com.tr

Түркия чемпионатының екінші лигасында сынға түсетін "Ени Малатьяспор" клубының қақпашысы Ахмет Эюп Туркаслан жер сілкінісінен соң табылмай жатыр, деп хабарлайды haberglobal.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Түркиядағы жер сілкінісінен қатты зардап шеккен қалалардың бірі - Малатья. Мұндағы жойқын жер сілкінісінен жергілікті "Ени Малатьяспор" клубының қақпашысы Ахмет Эюп Туркаслан іздестірілуде. Ол қирандылардың астында қалып қойған. Ал Ахметтің әйелін құтқарушылар үйінді астынан аман алып шықты.

Сондай-ақ аталған клубтың тағы бір ойыншысы Барыш Башдаш та жер сілкінісінен зардап шекті. Ол жер сілкінісі кезінде үйінің екінші қабатынан секіріп, аяғын ауыр жарақаттап алған. Қазіргі таңда ауруханаға жеткізілген.

Түркия чемпионатында ойнайтын ганалық легионер Кристиан Атсу да табылмай жатыр. "Хатайспорт" командасының басшылығы футболшыны іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты футболдан ел чемпионаты әзірге тоқтап тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2008350-turkiyalyq-klubtyn-qaqpasysy-zoiqyn-zer-silkinisinen-son-qaza-tapty/

pixel