Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиялық бапкер жойқын жер сілкінісінде 15 туысынан айырылып қалды

Опубликовано:

доп
Доп. Көрнекі фото: pixabay.com

"Сивасспор" клубының бас бапкері Риза Чалымбай көмекшісі Айхан Тенбелоглудың 15 туысы Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен қайтыс болғанын айтты, деп жазады haberglobal сайты.

Риза Чалымбай зілзалаға қатысты мәлімдеме жасаған.

"Бұл өте қайғылы жағдай. Біз Сиваста болсақ та қатты қайғырып отырмыз. Ұйқыдан тұрған бойда бұрынғы көмекшіме хабарласып, сол жақтағы жағдайды сұрастырдым. Көмекшім Айханның отбасындағы 15 адам жер сілкінісінен көз жұмды", - деді Чалымбай Cumhuriyet сайтына жариялаған сұхбатында.

Айта кетелік, бұған дейін Түркиядағы зілзаладан соң үйінді астында қалған 5 балуан құтқарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2008369-turkiyalyq-bapker-zoiqyn-zer-silkinisinen-son-15-tuysqanynan-aiyrylyp-qaldy/

pixel