Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық таеквондошылар халықаралық турнирде ел қоржынына бірнеше медаль салды

Опубликовано:

жарыс
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында таеквондодан халықаралық Fujairah Open турнирі өтіп жатыр. Отандық спортшылар алғашқы жарыс күні төрт қола медаль жеңіп алды, деп жазады Спортты дамыту дирекциясы.

Байрақты бәсекеде 58 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Самирхон Абабакиров үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар ұлттық құрама сапындағы Шамсат Дүйсенов (63 келі), Нұрлан Мырзабаев (80 келі), Бейбарыс Қабылан (+87 келі) өз салмағында үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан таеквондодан халықаралық Fujairah Open турнирі 8 ақпанға дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2008372-qazaqstandyq-taekvondosylar-xalyqaralyq-turnirde-er-qorzynyna-birnese-medal-saldy/

pixel