Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Килиан Мбаппе тағы бір атаққа қол жеткізді

Опубликовано:

Мбаппе
Киллиан Мбаппе. Фото: Twitter/FIFA World Cup

IFFHS нұсқасы бойынша Франция құрамасы мен париждік "ПСЖ" клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе Еуропаның 2022 жылғы ең үздік ойыншысы атанды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сонымен қатар Килиан Мбаппе Еуропаның жылдың үздік құрамына да енген.

Ал 20 жасқа дейінгі үздік ойыншы атағын Англия құрамасы мен дортмундтық "Боруссия" клубының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем жеңіп алды.

Мбаппе мен Беллингем де футболдан Катарда өткен Әлем чемпионатында нәтижелі ойынымен көзге түсті. Англия құрамасы турнирдің ширек финалында жарысты аяқтаса, Франция Аргентинаға есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетейік, IFFHS - Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясы. Ұйым 1984 жылы 27 наурызда құрылған. Қазіргі уақытта штаб-пәтері Германияның Бонн қаласында орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2008374-kilian-mbappe-tagy-bir-ataqqa-qol-zetkizdi/

pixel