Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркия футболының аңызы Волкан Демирель тікелей эфирде көз жасын тоқтата алмады

Опубликовано:

Волкан Демирель тікелей эфирде көзіне жас алды
Волкан Демирель. Скриншот: instagram/1volkandemirel

Қахраманаштағы Пазарджик ауданында болған 7,4 балдық жер сілкінісінен соң Хатай провинциясы қатты зардап шекті. Осы аймақтағы клубты жаттықтыратын Түркиядағы даңқты қақпашылардың бірі Волкан Демирель тікелей эфирде көзіне жас алды, деп жазады Сumhuriyet басылымы.

Instagram желісі арқылы тікелей эфирге шыққан Волкан аймақтағы жағдайдың өте мүшкіл екенін айтып, көпшіліктен көмек сұраған.

"Мында бәрі де бақытсыз. Хатайда бәрі ажал құшып жатыр. Өтінемін, жедел жәрдем, көмектесіңіздерші. Жағдай өте қиын.Біз адамдармен байланыса алмай жатырмыз, көмектесіңіздер! Бұл Хатайда ғана емес, осындағы жақын ауылдардың бәрінде болып жатқан жағдай. Алла разылығы үшін көмектесіңіздерші, жалынамын", - деген Демирель көз жасын тоқтата алған жоқ.

Қазіргі таңда Волкан Демирель Түркияның "Хатайспор" командасын жаттықтырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2008375-turkiya-futbolynyn-anyzy-volkan-demirel-tikelei-efirde-koz-zasyn-toqtata-almady/

pixel