Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Клубтар арасындағы Әлем чемпионаты: Жартылай финалда сенсациялық нәтиже тіркелді

Опубликовано:

Сәлем
Фото: Twitter/AlHilal Saudi Club

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты жалғасуда. Түнде финалға шыққан алғашқы команда анықталды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жартылай финалдың алғашқы матчы бразилиялық "Фламенго" мен Сауд Арабиясының "Әл-Хилаль" клубтары арасында өтті.

Тартысты өткен матчта эр-риядтық команда жеңіске жетті. Есеп 2:3. Гол авторлары: Педро (дубль) - Салем Аль-Досари (дубль), Лусиано Вьетто.

Осылайша, "Әл-Хилаль" клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты.

Кездесу басталғанға дейін спорт сарапшылары аталған ойында "Фламенго" жеңіске жетеді деп болжаған еді. Алайда эр-риядтық команда күтпеген нәтижеге қол жеткізді.

Айта кетейік, бүгін, 8 ақпанда ақтық мәреге шығатын екінші клуб анықталмақ. "Реал Мадрид" мен "Әл-Ахли" ойыны түнде болады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2008490-klubtar-arasyndagy-alem-cempionaty-zartylai-finalda-sensaciyalyq-natize-tirkeldi/

pixel