Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Италия чемпионаты: "Ювентус" сырт алаңда қарсыласын ойсырата ұтты

Опубликовано:

Ювентус
"Ювентус" футболшылары жасыл алаңда. Фото: Twitter/JuventusFC

Түнде футболдан Италия біріншілігінің жиырма бірінші турының соңғы матчы өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Италия чемпионатының кезекті туры "Салернитана" мен "Ювентус" арасындағы кездесумен жабылды.

"Ареки" стадионында өткен ойында алаң иелері ірі есеппен жеңілді. Есеп 0:3. Гол авторлары: Душан Влахович (дубль, бір голы он бір метрлік айып добынан), Филип Костич.

Осылайша, "Ювентус" 7 қаңтардан бері алғашқы жеңісіне қол жеткізіп отыр. Бұған дейін туриндік ұжым "Наполи" мен "Монцадан" ұтылып, "Аталантамен" тең ойнаған еді.

Айта кетейік, 21-турдан кейін Массимилиано Аллегридің шәкірттері 26 ұпаймен оныншы орында келеді. Турнирлік кестенің көш басында "Наполи" тұр (56 ұпай).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2008492-italiya-cempionaty-yuventus-syrt-alanda-qarsylasyn-oisyrata-utty/

pixel