Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қиранды астында қалып қойған 25 жастағы түрік футболшысы ауруханада көз жұмды

Опубликовано:

Танер Кахриман жасыл алаңда
Танер Кахриман. Фото: habermotto

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің салдарынан Кахраманмараштағы жергілікті футбол клубының 25 жастағы ойыншысы Танер Кахриман қаза тапты. Бұл туралы Fanatik сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Танер Кахриман құлаған ғимарат астында бір тәулік бойы жатқан. Кейін құтқарушылар футболшыны тапқанымен, ауыр жарақат алған ойыншы ауруханада көз жұмды.

Жас футболшының қазасына қатысты Түркия футбол федерациясы қайғыра көңіл айтты.

"Біз Кахраманмараштағы футбол клубының ойыншысы, бұрын 15 жасқа дейінгі ұлттық құрама сапында ойнаған Танер Кахриманның жер сілкінісінен қайтыс болғанын ауыр қабылдап отырмыз. Оның қазасына орай, барша туыстары мен жалпы спорт қауымдастығына көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен соң 28 жастағы қақпашы Ахмет Эйюп Туркаслан көз жұмды.

Сондай-ақ Газиантептегі волейболшылар отбасының қаза тапқаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2008533-qirandy-astynda-qalyp-qoigan-25-zastagy-turik-futbolsysy-auruxanada-koz-zumdy/

pixel