Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық клуб сенагалдық жартылай қорғаушымен келісімшартқа отырды (фото)

Опубликовано:

жасыл алаң
Көрнекі фото: pexels.com

Абдуллай Диакате ресми түрде "Каспий" ойыншысы атанды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Каспий" футбол клубы сенегалдық жартылай қорғаушы Абдуллай Диакатемен 2023 жылдың аяғына дейін келісімшартқа отырды.

Абдуллай Диакате Қазақстан Республикасының премьер-лигасында 300 ойынға қатысып, 39 гол соққан тәжірибелі ойыншы", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Абдуллай Диакате 1988 жылы 16 қаңтарда Сенегалдың Дакар қаласында өмірге келген. Ол Түркия біріншілігінде доп теуіп, 2011 жылы "Тараз" футбол клубына ауысқан. Содан бері Қазақстан чемпионатында өнер көрсетуде.

Жартылай қорғаушы "Тараздан" бөлек "Ордабасы", "Атырау", "Тұран" секілді клубтарда ойнаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2008563-qazaqstandyq-klub-senagaldyq-zartylai-qorgausymen-kelisimsartqa-otyrdy-foto/

pixel