Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Реал Мадрид" клубтар арасындағы Әлем чемпионатының финалына шықты

Опубликовано:

Федерико Вальверде
Федерико Вальверде жасыл алаңда: Twitter/Real Madrid C.F

"Реал Мадрид" клубтар арасындағы Әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жартылай финалдың екінші матчында египеттік "Әл-Ахли" мен испаниялық "Реал Мадрид" кездесті. Тартысты өткен ойында Карло Анчелоттидің шәкірттері жеңіске жетті. Есеп 1:4. Гол авторлары: Али Маалуль (он бір метрлік айып добынан) - Винисиус Жуниор, Федерико Вальверде, Родриго, Серхио Аррибас.

Осылайша, "Реал Мадрид" Мароккода өтіп жатқан клубтар арасындағы Әлем чемпионатының финалына жолдама алып отыр.

Енді карольдік клуб ақтық мәреде Сауд Арабиясының "Әл-Хилаль" командасымен кездеседі.

Финал 11 ақпан күні болады деп жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2008643-real-madrid-klubtar-arasyndagy-alem-cempionatynyn-finalyna-syqty/

pixel