Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халықаралық футбол федерациясы 2022 жылдың үздік қақпашысы атағына үміткерлерді атады

Опубликовано:

Тибо Куртуа
Тибо Куртуа. Фото: Harry Langer/vi/DeFodi Images via Getty Images

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2022 жылдың қорытындысы бойынша үздік қақпашы атағына таласатын үш ойыншының есімін атады. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Үздік атануға үш ойыншы үміткер. Олар: бельгиялық Тибо Куртуа, аргентиналық Эмилиано Мартинес және марокколық Яссин Буну.

Тибо Куртуа мадридтік "Реал" сапында былтыр Чемпиондар лигасының, УЕФА Суперкубогінің, Испания чемпионаты мен кубогінің жеңімпазы атанған. Бельгиялық қақпашы Чемпиондар лигасының финалында тоғыз рет сэйв жасап, матчтың үздік ойыншысы атағын алды.

Эмилиано Мартинес Аргентина құрамасымен бірге Катардағы әлем чемпионатында топ жарды. Ол доп додасының финалында Франция құрамасының екі пенальтиін қайтарған. Сондай-ақ ширек финалда Нидерландқа қарсы өткен матчтағы пенальти сериясында екі рет сэйв жасады.

Яссин Буну Марокко құрамасымен бірге әлем чемпионатының жартылай финалына дейін жетті. Бұл әлем біріншілігінде жартылай финалға жеткен алғашқы африкалық команда. 1/8 фииналда Испанияға қарсы өткен матчтағы пенальти сериясында Яссин екі соққыны қайтарған. Турнир барысында марокколықтар алты матч өткізсе, соның үшеуінде Буну қақпасына гол жіберген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2008694-fifa-zyldyn-uzdik-qaqpasysy-atanuga-laiyq-us-sportsynyn-esimin-atady/

pixel