Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Венгриядағы халықаралық турнир: Қазақстандық боксшылардың нәтижесі қандай

Опубликовано:

Дулат Бекбауов
Дулат Бекбауов шаршы алаңда. Фото: Спортты дамыту дирекциясы/Аян Төлеген

Венгрияның Дебрецен қаласында бокстан Иштван Бочкай атындағы халықаралық турнир өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде ел намысын 13 спортшы қорғайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Sports.kz мәліметінше, қазіргі уақытта жарыс жолына сегіз отандық былғары қолғап шебері шығып, бәрі келесі айналымға жолдама алды. Оның ішінде 80 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Нұрбек Оларбай екі жекпе-жек өткізіп үлгерген.

Турнирдің алғашқы күні жарыс жолына шыққан отандық былғары қолғап шеберлерінің нәтижесі:

  • 57 келі: Серик Теміржанов — Азрак Бабиров (Әзербайжан) — 5:0,
  • 60 кгелі: Саматәлі Төлтаев — Илия Бадер (Польша) — 3:2,
  • 63,5 келі: Санатәлі Төлтаев — Яссин Арфа (Бельгия) — 5:0,
  • 67 келі: Дулат Бекбауов — Даниэль Даный (Венгрия) — 5:0,
  • 71 келі: Ермахан Жақпеков — Шэннан Дэви (Аустралия) — 5:0,
  • 80 келі Нұрбек Оралбай — Джордж Кротти (Англия) — 4:1, Никита Нюстедт (Финляндия) — 5:0,
  • 92 келі: Айбек Оралбай — Симонас Урбонавичюс (Литва) — 5:0,
  • +92 келі: Дамир Тойбай — Максим Ваз (Франция) — 5:0.

Айта кетейік, бүгін, 9 ақпанда бес отандық боксшы шаршы алаңға көтеріледі. Олар: Теміртас Жүсіпов (48 келі), Дамир Әбдіқадыр (51 келі), Дәулет Молдашев (54 келі), Аятулла Такижанов (75 келі) және Шаймұрат Құсайынов (86 келі).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2008735-vengriyadagy-xalyqaralyq-turnir-qazaqstandyq-bokssylardyn-natizesi-qandai/

pixel