Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиядағы жер сілкінісі ағайынды жас теннисшілердің өмірін қиды

Опубликовано:

Теннис добы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен ағайынды жас теннисшілер қаза тапты. Бұл туралы Түркия теннис федерациясының Twitter-дегі парақшасы мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ягыз Учурум мен Ягмур Учурум тенниспен шұғылданатын жас спортшылар. Олардың денесі жер сілкінісінен кейінгі қирандылар астынан табылды.

Сондай-ақ олардың ата-анасы Угур мен Гекче Учурум да табиғат апатынан аман қалған жоқ.

"Біз екі жас теннисшіміздің Аданадағы жер сілкінісінен кейін қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз", - делінген федерацияның мәлімдемесінде.

Бұған дейін 28 жастағы түркиялық қақпашы мен 25 жастағы ойыншының және ерлі-зайыпты волейболшылардың қаза тапқаны белгілі болды.

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен мерт болғандар саны 12 мыңнан асып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2008771-turkiyadagy-zer-silkinisi-agaiyndy-zas-tennissilerdin-omirin-qidy/

pixel