Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Венгрияда өтіп жатқан турнирде ел қоржынына алғашқы медаль түсті

Опубликовано:

боксшы
Дамир Әбдіқадыр. Фото: Sports.kz

Бокстан Венгрияның Дебрецен қаласында өтіп жатқан Иштван Бочкай атындағы халықаралық турнирде Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды Sports.kz.

Байрақты бәсекеде 51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатқан Дамир Әбдіқадыр ширек финалда Әзербайжан өкілі Хасан Маликовты төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен ұтты.

Осылайша, отандық спортшы турнирдің жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде қола жүлдеге қол жеткізіп отыр.

Айта кетейік, Венгрияның Дебрецен қаласында өтіп жатқан Иштван Бочкай атындағы халықаралық турнирдің алғашқы жарыс күнінде сегіз боксшымыз шаршы алаңға көтеріліп, бәрі келесі кезеңге шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2008802-bokstan-vengriyada-otip-zatqan-turnirde-el-qorzynyna-algasqy-medal-tusti/

pixel