Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбек боксшысын жеңген қазақстандық Венгриядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Опубликовано:

Теміртас Жүсіпов
Теміртас Жүсіпов: kfb.kz

Бокстан Венгрияның Дебрецен қаласында өтіп жатқан Иштван Бочкай атындағы халықаралық турнирде Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды Sports.kz.

Байрақты бәсекеде 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатқан Теміртас Жүсіпов ширек финалда Өзбекстан өкілі Дониером Бекмуродовты төрешілердің шешімімен ұтты.

Осылайша, отандық спортшы турнирдің жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде қола жүлдеге қол жеткізіп отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дамир Әбдіқадыр ширек финалда Әзербайжан өкілі Хасан Маликовтан ұтып, ел қоржынына алғашқы жүлдені салған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2008811-ozbek-bokssysyn-zengen-qazaqstandyq-vengriyadagy-turnirdin-zartylai-finalyna-syqty/

pixel