Елена Рыбакина әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасын оңай жеңді
Опубликовано:

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабиде өтіп жатқан WTA-500 санатындағы турнирді сәтті бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жарысты екінші айналымнан бастаған Рыбакина әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, чехиялық Каролина Плишковамен кездескен болатын.
1 сағат 10 минутқа созылған матчта Елена 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл кездесу отандық теннисшіге айтарлықтай қиындық тудырған жоқ.
Ширек финалда Рыбакина Беатрис Хаддад-Майя (Бразилия) мен Юлия Путинцева жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Абу-Даби турнирінің жалпы жүлде қоры - 780 637 АҚШ доллары. Турнирдің қазіргі жеңімпазы - белоруссиялық Арина Соболенко.
Елена Рыбакина 2022 жылғы "Уимблдон" турнирінің жеңімпазы, 2023 жылы Австралия ашық чемпионатының финалисті.
WTA рейтингінде Рыбакина 10-орында тұр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2008813-elena-rybakina-alemnin-buryngy-birinsi-raketkasyn-onai-zendi/