Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дэвис кубогінде Қазақстан құрамасы сырт алаңда Болгариямен кездеседі

Опубликовано:

теннис
Қазақстанның ерлер құрамасы. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Дэвис кубогі бірінші әлемдік тобы матчтарының жеребесі тартылды. Қазақстанның ерлер құрамасы сырт алаңда Болгариямен кездеседі, деп жазады Қазақстанның теннис федерациясы.

Федерация мәліметінше, қос құрама бұған дейін өзара кездеспеген.

Матч 16-17 немесе 17-18 қыркүйек күндері өтеді. Болгарияны жеңген жағдайда Қазақстан командасы 2024 жылдың ақпанында командалық әлем чемпионатының іріктеу матчында ойнайды.

Биыл 4-5 ақпанда Юрий Щукиннің шәкірттері Дэвис кубогінің іріктеу сайысында Ла Серена қаласында Чили құрамасына жол берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2008877-devis-kuboginde-qazaqstan-quramasy-syrt-alanda-bolgariyamen-kezdesedi/

pixel