Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан U-17 құрамасы Даму кубогының финалына шықты

Опубликовано:

футбол
Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

Беларусь астанасы Минскіде өтіп жатқан халықаралық турнирде 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы топтық кезеңнің шешуші ойынында жарыс иелері Беларусь футболшыларымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Қазақстанның футбол федерациясы.

Кездесуде соғылған жеңіс голының авторы - Ілияс Әбіл. Осылайша, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы турнирде екінші рет мергендігімен көзге түсіп отыр.

Айта кетейік, Александр Кузнецов шәкірттері үш ойын қатарынан жеңіске жетіп, өз тобында бірінші орын алды.

Енді Қазақстан U-17 құрамасы бірінші орын үшін Ресей U-17 құрамасымен ойнайды. Финал 11 ақпан күні Астана уақытымен 20:00-де басталады деп күтілуде. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2008881-qazaqstan-u-17-quramasy-damu-kubogynyn-finalyna-syqty/

pixel