Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Криштиану Роналду "Әл-Наср" сапында бір матчта төрт гол соқты (фото, видео)

Опубликовано:

Роналду
Криштиану Роналдудың гол соққанына қуанған сәті. Фото: Twitter/AlNassr FC

Түнде футболдан Сауд Арабиясы чемпионатының 16-турының матчтары өтті. "Әл-Наср" сырт алаңда "Әл-Вахда" клубын ірі есеппен ұтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мекке қаласында өткен матчта 0:4 есебі тіркелді.

Ойынның жиырма бірінші минутында Криштиану Роналду мергендігімен көзге түсіп, "Әл-Наср" клубын алға шығарды.

Араға жиырма минут салып португалиялық сұрмерген есепті еселеді.

Екінші таймның басында "Әл-Вахда" клубының қорғаушысы тәртіп бұзып, төреші он бір метрлік айып добын белгіледі. Криштиану Роналду пенальтиден мүлт кетпей, есепті 0:3-ке жеткізді.

Әлем футболының жарық жұлдызының бірі бұнымен тоқтаған жоқ. Араға жеті минут салып ойынның нүктесін қойды.

Осылайша, Криштиану Роналду "Әл-Вахда" клубына қарсы ойында покер авторы атанды.

Бұған дейін шабуылшы 2019 жылы қыркүйек айында Литва қақпасына төрт гол соққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2008884-kristianu-ronaldu-al-nasr-sapynda-bir-matcta-tort-gol-soqty/

pixel