Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Венгриядағы турнир: қазақ боксшылары өзбек қарсыластарын ұтып, финалға шықты

Опубликовано:

Серік Теміржанов
Серік Теміржанов. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Венгрияның Дербецен қаласында өтіп жатқан бокстан Иштван Бочкай атындағы халықаралық турнирде үш қазақстандық боксшы финалға жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

48 келі салмақта әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов ақтық сынға өтті. Ол жартылай финалда өзбек боксшысы Дониор Бекмурадовты жеңді.

Ал 57 келідегі Серік Теміржанов тағы бір өзбек боксшысы Самандор Холмурадовты айқын басымдықпен ұтты.

67 келідегі Дулат Бекбауов жартылай финалда Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, австралиялық Харри Гарсидеден басым түсті.

Айта кетелік, бұған дейін Айбек Оралбай қарсыласын нокаутпен жеңген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2008971-vengriyadagy-turnir-qazaq-bokssylary-ozbek-qarsylastaryn-utyp-finalga-syqty/

pixel