Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы Азия чемпионатында ел қоржынына тағы бір медаль түсті

Опубликовано:

Спортшы
Фото: Cпортты дамыту дирекциясы

Астана қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатында 60 метрге жүгіруде қазақстандық Ольга Сафронова күміс жүлде жеңіп алды, деп жазады Спортты дамыту дирекциясы.

Отандық спортшы бұл қашықтықты 7.32 секундта жүгіріп өтті.

Ирандық спортшы Фарзане Фасихи 7.28 секунд нәтижесімен қарсылас шақ келтірмесе, индонезиялық Валентин Ванеза 3-орынды (7.37 секунд) қанағат тұтты.

Айта кетейік, бұл Азия біріншілігіндегі Қазақстан қоржынына түскен екінші медаль. Бұған дейін Каролин Чепкоеч Кипкируи 3 мың метрге жүгіруде чемпион атанған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2008979-astanadagy-aziya-cempionatynda-el-qorzynyna-tagy-bir-medal-tusti/

pixel