Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық алты боксшы Венгриядағы турнирдің финалына шықты

Опубликовано:

Спорт
Теміртас Жүсіпов/Евгений Кармильчик. Фото: Instagram/boxingkazakhstan

Бокстан Венгрияның Дебрецен қаласында өтіп жатқан Иштван Бочкай атындағы халықаралық турнирде алты отандық боксшы финалға шықты, деп жазады Sports.kz.

Ақтық мәреде өнер көрсететін қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің арасында Теміртас Жүсіпов (48 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Саматәлі Төлтаев (60 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Аятулла Такижанов (75 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) бар.

Отандық боксшылардың финалдағы қарсыластары:

  • 48 келі: Темиртас Жүсіпов — Асылбек Аманкул уулу (Қырғызстан),
  • 57 келі: Серик Теміржанов — Василе Устурой (Бельгия),
  • 60 келі: Саматәлі Төлтаев — Фред Дззива (Аустралия),
  • 67 келі: Дулат Бекбауов — Ярослав Михалушко (Украина),
  • 75 келі: Аятулла Такижанов — Иван Папакин (Украина),
  • 92 келі: Айбек Оралбай — Патрик Браун (Англия).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2008987-qazaqstandyq-alty-bokssy-vengriyadagy-turnirdin-finalyna-syqty/

pixel